Қазақстандық хирург туралы фильм Катманду қаласында көрсетіледі

1134

Қазақстандық хирург туралы фильм Катманду қаласында көрсетіледі

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Алматыфильм" ЖШС қатысуымен жарыққа шығарған "Жүректерге жаңа ғұмыр сыйлаған" деректі фильмі желтоқсанның 8-і мен 12-і аралығында Катманду қаласында (Непал) өтетін 14-ші Халықаралық кинофестивальдің байқаудан тыс бағдарламасында көрсетіледі, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Деректі фильм халықаралық деңгейлі үздік кардиохирургтардың бірі - медицина ғылымдарының докторы Юрий Пяның қызметі және оның алғашқы науқастары туралы сыр шертеді.

"Юрий Пя – хирург болуға жаратылған адам. Фильмге оның біліктілігі туралы айтатын әріптестері мен өмірін сақтап қалған науқас жандар қатысқан. Бұл фильм шетелде көрсетілетініне қуаныштымын", – деді фильмнің режиссері Оңдасын Тастанов.

Гималай Ассоциациясының (Himal Association) ұйымдастыруымен Катманду қаласында жыл сайын өтетін Халықаралық кинофестиваль 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл фестиваль шеңберінде  Германия, Қытай, Франция, Үндістан,  Түркия, АҚШ, Корей сынды мемлекеттердің 80-ге жуық фильмдері көрсетіледі.

Айта кетейік, "Жүректерге жаңа ғұмыр сыйлаған" атты деректі фильм халықаралық деңгейлі үздік кардиохирургтардың бірі – медицина ғылымдарының докторы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің штаттан тыс бас кардиохирургы Юрий Пяның қызметі және оның алғашқы науқастары туралы. Юрий Пя Қазақстанда кардиохирургиялық жәрдем қызметін жолға қою және дамытуға қомақты үлес қосты, соның ұсынуымен ондаған науқастардың өмірін сақтап қалған жаңа озық медициналық технологияларды енгізу мүмкін болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу