Қазақстандық қос футзал клубы қарсыласынан жеңіліп қалды

Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші ойында "Қайрат" та, "Семей" де ұпай жоғалтты.

Қазақстандық қос футзал клубы қарсыласынан жеңіліп қалды Фото: ФК Семей

Алматылық клуб португалиялық "Спортингпен" кездессе, семейлік команда франциялық "Этуальға" қарсылас атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Кездесу барысында "Қайрат" португалиялық ұжымның қақпасына небәрі 2 доп ғана дарыта алды, ал өз қақпасына бақандай 7 гол жіберді. Қорытынды есеп – 2:7.

Бұған дейін қазақстандық клуб Хорватияның "Ново Вриеме" командасын 3:2 есебімен жеңді. Топтағы үшінші кездесуі 1 қарашада "Приштина" (Косово) клубына қарсы өтеді. 

Сонымен қатар, "Семей" футзал клубы да екінші кездесуінде франциялық "Этуаль" командасынан айласын асыра алмады. Қорытынды есеп – 3:4. 

Енді қазақстандық команда 1 қараша күні үшінші топтағы соңғы ойынында "Пальма" (Испания) клубымен өзара мықтыны анықтайды. 

Кеше "Қайрат" пен "Семейдің" сенімді жеңіске жеткенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу