Қазақстандық құтқарушылар зілзаладан зардап шеккен Ауғанстанға ұшып кетті

Жер сілкінісі салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты.  

Қазақстандық құтқарушылар зілзаладан зардап шеккен Ауғанстанға ұшып кетті Фото: ҚР ТЖМ

Қазақстандық 45 құтқарушыдан тұратын жасақ жер сілкінісі салдарын жоюға көмектесу үшін Ауғанстанға аттанды, деп хабарлады сейсенбі күні ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Төтенше жағдайлар министрлігінің 45 адамнан тұратын құтқарушылар тобы, оның ішінде құтқарушылар, Республикалық жедел-құтқару жасағының кинологиялық топтары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері Ауғанстанға апат салдарын жоюға көмектесу үшін аттанды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Олар биыл Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға бірқатар құтқарушылар мен дәрігерлердің атсалысқанын атап өтті.

Өткен дүйсенбіде Қазақстан үкіметі Ауғанстанға құтқарушылар және гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдады. Қажетті заттар әуе және теміржол арқылы жөнелтіледі.

Еске сала кетсек, 7 қазанда Герат провинциясының халық тығыз орналасқан аймағында жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісі салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу