Құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді

486

Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. 

Құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді Фото: primeminister.kz

Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келуі қаупімен байланысты жұмыс үшін қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленетін болады. ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70%-ын құрайды. Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және "Қазселденқорғау" ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді. ҚР ТЖМ деректері бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу