Қазақстандық мамандар Өзбекстанның жеке секторы мен бизнесінде еңбек етіп жүр

168

Өзбекстанда көптеген қазақстандық маман сұранысқа ие. 

Қазақстандық мамандар Өзбекстанның жеке секторы мен бизнесінде еңбек етіп жүр Фото: dknews.kz

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өзара ынтымақтастығымыздың маңызды бөлігі – әртүрлі салаларда жұмыс күші мен мамандарды тарту. Оның ішінде IT-ден бастап машина жасау салаларындағы салалық мамандар бар. Бізге жұмысқа рұқсат алу рәсімдерін және басқа да әкімшілік рәсімдерді жеңілдете отырып, екі елдің азаматтарына тең жағдайлар қамтамасыз етуіміз керек. Мұндай тәсіл жұмысшылар мен кәсіпкерлердің қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, білім, технология және тәжірибемен тиімді алмасуға әсер етеді", - деді Бейбіт Атамқұлов елордада өткен Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесінің 6-шы отырысында. 

Төтенше және Өкілетті Елші Өзбекстанда көптеген қазақстандық маман сұранысқа ие екенін атап өтті.

"Олар Өзбекстан экономикасының түрлі салаларында жұмыс істейді. Негізінен бұл жеке сектор мен бизнес. Оның ішінде IT-ден бастап тау-кен металлургия өндірісінің, цемент өндірісінің, қаржы секторының ірі кәсіпорындары бар. Топ-менеджерлер мен орта деңгейлі менеджерлер өте көп. Бүгінде қазақстандық мамандардың, оның ішінде ірі кәсіпорындарда тиісті құзыретке ие қарапайым қызметкерлердің де үлкен ағыны байқалады",  - деп атап өтті ол.

Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі бизнес пен кәсіби ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын екенін жеткізді.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстан Өзбекстанның мақта-тоқыма өндірісіне қызығушылық танытып отырғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу