Digital Bridge 2025 технологиялық форумында зағип жандарға цифрлық құпиялылық пен қызметтерге теңдей қолжетімділікті қамтамасыз ететін технология ұсынылды.
Бұл құрылғы зағип жандардың телефон пайдалану кезінде тап болатын негізгі мәселені шешуге көмектеседі, ол – құпиялылықтың болмауы. Олардың қазір қолданып жүрген "дауыстық көмекшілері" мессенджерлерде хат алмасу, банктік операциялар немесе онлайн сатып алу кездерінде болсын барлық жеке ақпаратты естіртіп айтады. Ал PocketDot құрылғысы смартфонға қосылып, мәтінді Брайль қарпімен теруге және оқуға мүмкіндік береді, яғни іс жүзінде пайдаланушы үшін тактильді экраннның қызметін атқарады.
"Зағип жандардың көптеген ой-пікірлерін тыңдағаннан кейін біз олардың телефонды сырт көзден жабық ұстағысы келетінін түсіндік. Содан соң ұялы телефонның бір бөлігі секілді, әрі оларға өз бетінше оқып-жазуға мүмкіндік беретін нәрсе жасау идеясы пайда болды. Бұл телефонның барлық функцияларына қол жеткізуге мүмкіндік береді, мәселен WhatsApp пен Telegram-да хабарласуға, ақша аударымдарын жасауға, онлайн курстар оқуға, тіпті Instagram-дағы суреттерді мәтінге айналдыруға болады", – деп атап өтті PocketDot компаниясының негізін қалаушы Әділ Жүсіпов.