Қазақстандық студенттердің Ресейге бару мәселесі бір айда шешілуі мүмкін

578

Лавров қос ел арасындағы шекара эпидемиологиялық ахуалға байланысты ашылады дегенді айтты.

Қазақстандық студенттердің Ресейге бару мәселесі бір айда шешілуі мүмкін

Ресейдің оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттердің бұл елге бару мәселесі бір ай көлемінде шешілуі мүмкін. РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердімен кездесу барысында осылай деді. 

"Ресейде білім алып жатқан шетелдік студенттердің елге қашан келе алатыны жақын арада анықталады. Көршілес елдердегі студенттердің бірінші болып бізге келгенін қалаймыз. Бұған бір айдай уақыт керек. Бізде осы жайттарды қадағалайтын арнайы штаб құрылған", – деді ол.

Лавровтың айтуынша, қос ел арасындағы шекара эпидемиологиялық ахуалға байланысты ашылады.

ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлерімен кездесу үшін арнайы Мәскеуге аттанған болатын. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу