Лавров Ресей мен Беларусьқа қарсы гибридті соғыс басталғанын айтты

763

Қос ел егемендікті нығайту және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірлесе әрекет етуге уағдаласты.

Лавров Ресей мен Беларусьқа қарсы гибридті соғыс басталғанын айтты Фото: ria.ru

Ресей мен Беларусьқа қысым көрсетіліп,оларға қарсы гибридті соғыс жүргізілуде. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров беларусьтық әріптесі Владимир Макеймен кездескеннен кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Сондай-ақ ол Мәскеу мен Минсктің Еуропалық Одақтың оларға қатысты конструктивті емес саясатына алаңдаушылық білдіріп отырғанын айтты.

"Екі тарапқа қарсы заңсыз тежеу құралдары қолданылып отыр, зор қысым көрсетілуде. Біз гибридтік соғыс әдістерін, біржақты санкцияларды, бізді қаралауға бағытталған ақпараттық науқандарды көріп отырмыз", – деді Лавров.

Дипломаттың айтуынша, Батыстың агрессивті бағытын ескере отырып, Ресей мен Беларусь биліктері егемендікті нығайту және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірлесе әрекет етуге уағдаласты.

Бұған дейін маусым айында Ресейдің Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин Мәскеу мен Минскіге қарсы гибридті соғыс жүріп жатқанын айтқан болатын. Ол Ресей Батыс елдерінің "агрессивті әрекеттеріне" қарсы тұруға ниетті екенін мәлімдеген еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу