Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілді

145

Құжат 2025 жылғы 27 тамыздағы министрдің №327 бұйрығымен бекітілген. 

Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілді Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын қабылдады. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Қағидаларда Тізілімді қалай қалыптастыру, оны жүргізу тәртібі және оған енгізілуге қатысты барлық қадамдар көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 19 мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған болатын. Құжат отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған бірқатар жаңашылдықтарды, соның ішінде Қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін құруды көздейді.

Қағиданың толық мәтінімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу