Қазақстандық жеңіл атлет Иван Иванов Таиланд астанасы Бангкокта жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Бұл сында үндістандық Сингх Тур Тажиндерпал ядросын 20.23 метрге итеріп, чемпион атанса, ирандық Сабери Мехди (19.98) күміс жүлдеге қол созды.
Иванов 19.87 метр нәтижемен қола медальді жеңіп алды.
Айта кетерлігі, бұл – Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль.
Осыған дейін Шедрак Коеч Кимутай 10 мың метрге жүгіруден мәре сызығын екінші болып қиды. Ал биіктікке секіруден Кристина Овчинникова бірінші, Елизавета Матвеева екінші орынға көтерілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу