Қазақстандықтар алтын сатып алып жатыр

724

Биыл наурызда қазақстандықтар 167,2 келі болатын 8,3 мың алтын құймасын сатып алған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар алтын сатып алып жатыр

Сатылған құймалар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9 есе, ал салмағы бірден 3,5 есе өскен. 

Қазақстандықтарға жалпы салмағы 3 тонна болатын 87,53 мың алтын құймасы сатылған. Былтыр елде 1,1 тонна болатын 32,3 мың өлшем құйма сатып алынды.

2017 жылдан 2021 жылға дейінгі орташа жылдық жиынтық өсім қарқыны – 69%. Өлшем құйма көбінесе Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырауда сатылған.

Алтын құймалар 5 түрде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Тұрғындар көбінесе 10 г құйманы сатып алады. 2017 жылдан бастап 2022 жылғы наурызға дейінгі оның сатылымдағы үлесі – 27% немесе 23,4 мың құйма. Кейін тізімде 20 грамм – 18,2 мың құйма (21%), 100 грамм – 18 мың құйма (20%), 5 грамм – 16,8 мың құйма (19%), 50 грамм – 11,1 мың құйма (13%).

Айта кетейік, 2017 жылдан бері Ұлттық банк аффинирленген алтынның сертификатталған өлшем құймаларын сатады. Ондағы мақсат – қазақстандықтарға қаражатты үнемдеу және қосымша инвестициялық құралды ұсыну.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу