Қазақстандықтар артық ұсталған жеке табыс салығын қайтарып ала алады, деп хабарлады Atameken Business.
Есте болса, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері аталған салықты ұстау тәртібіне өзгерістер енгізу кезінде салық қызметкерлері қате есеп жүргізгені туралы мәлімдеме жасаған болатын. Мемлекеттік кірістер комитеті аталған сынға қатысты түсініктеме берді. Айтуларынша, нормада қателік жоқ. Өз уақытында салық салынатын табыстан міндетті зейнетақы және әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары алынып тасталмаған. Осыған байланысты жеке тұлғалар табысының шамамен 11 пайызына аталған салық салынды. Осы себепті табыс кодексіне өзгерістер енгізілген.