Оның айтуынша, азық-түлік пен сусындарға жұмсалатын шығындар көлемі аз емес, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бүгін Астанада "Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі" тақырыбында парламенттік тыңдау өтіп жатыр. Жиын барысында Серік Жұманғарин азық-түлік пен сусындарға жұмсалатын шығындар барлық тұтынушылық шығынның шамамен 50 пайызын құрайтынын мәлімдеген. Бүгінде тұтынушылардың шығыстары бойынша қосымша зерттеулер жүргізіліп жатыр.
– Мәселен, 2022 жылы халықтың номиналды ақшалай кірісіндегі азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған шығыстардың үлесі 2023 жылы 22,2%-ға дейін төмендеді. Оның 8%-ы – нан өнімдері мен жарма, 17 пайызы – ет, 5 пайызы – сүт және сүт өнімдері және 4 пайызы – көкөністер, жемістер, қант пен кондитерлік өнімдер, – деді Премьер-министрдің орынбасары.
Бұған дейін елдегі ет өндірісінің көлемі артқанын хабарлаған едік.