Қазақстандықтар киімге қыруар қаражат жұмсамайды

1599

Қазақстандықтар киімге қыруар қаражат жұмсамайды

Қазақстандықтардың жартысынан көбі киімге үнемдейді. Бұл туралы Nielsen Kazakhstan тұтынушылықты зерттеу бағытының жетекшісі Виктория Плотницкая Central Asia Fashion Autumn-2017 шарасында айтты, деп хабарлайды lsm.kz.

Оның сөзінше, алда сатып алушылардың 16 пайызы тауардың осы түріне жұмсайтын қаржысын қысқарта береді.

"Бұл - ретейлдердің, яғни алып-сатарларың тұтынушылары азаяды деген сөз. Оның үстіне, қазір сатып алушылардың 40 пайызы көбіне арзан брендтердің киімін алатын болған. Оларға тағы барлық тұтынушылардың 16 пайызы қосылады деп болжап отырмыз. Халықтың 45 пайызы техниканы жаңартпағанына көп болған. Оның ішінде ұялы телефондар да бар. Осыған кіретіндердің 15 пайызы ары қарай да үнемдей беруге ниетті. Газ бен электр тоғын халықтың 33 пайызы үнемдейді, 22 пайызы ары қарай да аз-аздан тұтынуға бекінген. Барлығына тиімділік тұрғысынан қарау қазақстандықтардың әдетіне айналып кетті", - дейді Плотницкая.

Маман ел азаматтырының қаржылық тұрақтылық туралы алаңдайтынын жеткізді. Олардың компаниясы жүргізген деректерге сәйкес, халықтың 29 пайызы "2017 жылдың 2-жартысында азық-түлік қымбаттай ма" деп алаңдайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 28 пайыз болған. Жұмысқа орналасуға қатысты алаңдаушылық та 2016 жылғы 18 пайыздық шамадан бұл жылы 19 пайызға өскен. Сонымен қатар халықтың өз денсаулығы мен коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне қатысты уайымы 14-16 пайыздан 19 пайызға артқан. Ал қазақстандықтардың 28 пайызы ғана өз жұмысы мен еңбекке нарығында оң өзгерістер болатынына сенеді.

Плотницкаяның хабарлауынша, қазір сауда-саттық жасауға ыңғайлы уақыт екеніне сенетіндердің саны 21 пайызға дейін азайып кеткен. Ал 43 пайызының жеке қаржылық жағдайына деген сенімділігі нығая түскен.

Сонымен қатар, Қазақстанда сатып алу қабілетінің индексі 200-дің 79-ына тең. Оның 97 пайызын Z буыны (15-20 жас аралығындағылар) құрайды, 81 пайызы миллениалдардан (21-34 жастағылар), 67 пайыз Х буынынан (34-49 жас) тұрады. Дегенмен бұл көрсеткіш Ресей (70 балл), Украина (57 балл) және Беларусь (63 балл) сияқты елдердікімен салыстырғанда алда тұр. Спикердің сөзінде, біздің көрсеткіш Еуропа елдерінің орта деңгейімен шамалас.

"Қазақстандық миллениалдар болжам жасағанда шындыққа біршама тура қарайды. Олардың 24 пайызы ғана қазір ақша жаратуға тиімді уақыт деп есептейді. 44 пайызы өз қаржысына сенеді, 28 пайызы қызметіне сенімді", - дейді Плотницкая.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу