Қазақстандықтар құқықтық актілерді талқылауда белсенді

1039

4 млн қаралым және 50 мың пікір: ведомство өкілдері желі қолданушыларына жауап береді, бірақ бәріне бірдей емес.  

Қазақстандықтар құқықтық актілерді талқылауда белсенді

2021 жылдың 4 маусымына дейін "Ашық НҚА" порталында министрліктердің 18,7 мың нормативтік құқықтық актілері жарияланды. Портал қолданушылары оларға 50,8 мың пікір қалдырды, ведомстволар олардың 44,9 мыңына немесе 88,5%-ына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кететіні, "Ашық НҚА" порталы – "Ашық үкімет" жобасының құрамдас бөліктерінің бірі, олар мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мақұлдағанға дейін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау алаңы ретінде құрылған.

18,7 мың құқықтық актілердің 17,8 мыңы архивте, 703-і қарастырылуда, 157-сі талқылануда, тек 4 акт онлайн режимінде талқылануда, тағы 34-і талдау кезеңінде.
Порталда нормативтік құқықтық актілердің ең көп санын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жариялады – 2950.

Ал Қаржы министрлігі (2235 НҚА) және Ұлттық экономика министрлігі (1739) де құжаттар саны бойынша көш бастап тұр.

Ең аз Төтенше жағдайлар министрлігі (161), Сыртқы істер министрлігі (254) және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ( 268 ) жариялаған.

Сонымен қатар, қолданушылардың пікірлерінің көп бөлігі Денсаулық сақтау министрлігінің құқықтық актілеріне жазылған – 30819. Оның ішінде 26053 пікірге жауап берілді.

Ішкі істер министрлігінде нормативтік құқықтық актілерге 2908 пікір жазылды, олардың 2893-не түсініктеме берілді. 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі пайдаланушылардың пікірлеріне жауап беру ықтималдығы төмен ведомство: жауап алған пікірлердің үлесі пайдаланушылар пікірлерінің жалпы санының тек 71,3%-ын құрады. Төмен индикаторларды Білім және ғылым министрлігі (пікірлер 80,3%-на жауап берілген) және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі де көрсеткен.

2021 жылғы 4 маусымдағы жағдай бойынша "Ашық НҚА" порталындағы нормативтік құқықтық актілердің қаралу саны 4,4 млн-нан асқан. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу