Қазақстандықтар қымбаттап жатқан азық-түлікті де көбірек тұтынатын болып шықты

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың үшінші тоқсанындағы азық-түлік тұтыну мәліметтерін жария етті. 

Қазақстандықтар қымбаттап жатқан азық-түлікті де көбірек тұтынатын болып шықты Фото: inbusiness.kz

Ресми ақпаратқа сенсек, ет пен ет өнімдерін сатып алуға ел тұрғындары ең көп қаражат жұмсайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, екінші тоқсанмен салыстырғанда Қазақстанда ет тұтыну көлемі өскен. 

Ұлттық бюроның деректері 11,7 мың үй шаруашылығын іріктеп тексеруге негізделген. Сауалнама нәтижелері ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Алматы, Жетісу, Қарағанды және Ақмола облыстарында екенін байқаймыз. Бұл өңірлерде бір адамға тоқсанына орта есеппен 24 келі еттен келеді. Шымкентте ет тұтынудың ең төменгі көрсеткіші тіркелді (бір адамға 16,1 келі).

Орташа есеппен, ел бойынша ет пен ет өнімдерін тұтыну үш айда бір адамға 21,2 келіні құраған.
Бұған дейін сарапшы Ербол Жанатұлы ет бағасының жасанды түрде арзан болып келгенін хабарлаған еді. 

Нарықтағы нақты сиыр етінің бағасы да айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу