Қазақстандықтар сатылған көліктерін тіркеуден шығаруға асықпайды

849

Cалық органдарына қарызы туралы хабарлама алған автокөлік иелерінен көптеген шағым түсуде. 

Қазақстандықтар сатылған көліктерін тіркеуден шығаруға асықпайды

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, қазіргі уақытта салық органдарына берешегі туралы хабарлама алған автокөлік иелерінен көптеген шағымдар түсуде. Олардың айтуынша, аталған темір тұлпарлары бірнеше жыл бұрын сатылған, иеліктен шығарылған немесе жойылған. Оның ішінде 2020 жылы сатылған автолар да бар екен. 

Ведомство келіп түскен шағымдарды талдай отырып азаматтар сатқан көлік құралдары көбінесе уәкілетті органның тіркеу есебінен шығарылмаған немесе қайта рәсімделмегені анықталған. 

"Бұл ретте, аталған көлік құралына салық төлеу бойынша міндеттеме салық заңнамасы бойынша осы азаматтарда, яғни, заңды иелерінде қалады", – деп жазылған хабарламада. 

Қазіргі уақытта елдегі жағдайдың тұрақтануына және карантин режимінің жеңілдетілуіне байланысты салық органдары 2019 жылға және өткен кезеңдерге, оның ішінде 2020 жылы сатылған көлік құралдары бойынша, салық берешегі туралы хабарлама жаппай жолдануда. 

Осыған байланысты, көлік құралдарын 2019 жылға және өткен кезеңдерге салық берешегін төлемей сатқан иелеріне салық берешегі туралы ескерту келген. 
Ал егер көлік құралы меншігінде болмаса қате мәліметтерді жедел түзету үшін "e-Salyq" мобильдік қосымшасында түзету сервисі әзірленді. Оның көмегімен азаматтар көлік құралын есептен шығару немесе ақпаратты түзету үшін уәкілетті органға жүгіне алады.

"Егер өтініш берілгеннен кейін уәкілетті органның деректер базасына түзетулер енгізсе, салық органы салықты қайта есептеуді жүргізетініне назар аударамыз", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу