Қазақстандықтар сатып алған ТОП-10 автокөлік бренді анықталды

Бұл статистика қараша айына ғана тиесілі екенін айта кетейік. 

Қазақстандықтар сатып алған ТОП-10 автокөлік бренді анықталды Фото: metronews.ru

Еліміздегі автомобильдердің сатылымы рекордтық деңгейді бағындырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

2025 жылдың қараша айында Қазақстанда жаңа автокөлік сатылымы рекордтық деңгейге жетіп, 25 804 дана болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,7 пайызға көп. Ал жыл басынан бері елде барлығы 207 мың автокөлік сатылған. Бұл көрсеткіш те (+15,6%) Қазақстан автонарығы тарихындағы ең жоғары нәтиже болып отыр. Мұндай статистикалық деректерді Қазақстан автомобиль одағы мәлім етті. 

Қараша айындағы брендтер рейтингісінде Chevrolet көш бастады. Аталған көліктің 7 777-сі сатылған. Hyundai екінші орынға жайғасып, 5 261 көлік өткізсе, Kia дилерлері 1 990 автокөлік сатты. 

Модельдер арасында ең жоғары сұранысқа ие болғаны – Chevrolet Cobalt. Қараша айында бұл модельден 7 105 дана сатылған. Үздік үштікке Hyundai Tucson (1 945 автокөлік) және Kia Sportage (1 320) енді.

Одан кейінгі орындарда Hyundai Mufasa (1 019), Hyundai Elantra (907), Haval M6 (641), Hyundai Santa Fe (614), Chevrolet Onix (609), Changan CS55 Plus (498) және Hyundai Sonata (487) орналасқан.

Алғашқы ондыққа енген барлық модель Қазақстанда өндіріледі.

Бұған дейін Қазақстан нарығын жаулаған ТОП-5 автокөлік бренді белгілі болғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу