Қазақстандықтар жол сапасына қатысты 40 мыңнан астам арыз-шағым түсірген

234

Бұл өткен жылғы көрсеткіш. 

Қазақстандықтар жол сапасына қатысты 40 мыңнан астам арыз-шағым түсірген Фото: mail.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтар жолдардың сапасына наразы екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жергілікті жолдарға да баса мән беру керек. Облыстық және аудандық жолдарды күрделі жөндеуге қомақты қаражат бөлінуде. Оның ішінде республикалық бюджеттен де қарастырылған. Алайда, кейбір өңірлерде, жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі   жеткіліксіз болып отыр. Атап айтқанда, бұл – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарына да қатысты мәселе. Тұрғындар жолдардың сапасына наразы. Өткен жылы азаматтардан ресми түрде осы мәселеге қатысты 40 мыңнан астам арыз-шағым келіп түскен. Өңірлерде жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарында құрылыс технологияларын сақтамау және мерзімдерді кешіктіру байқалып отыр",–  деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр әкімдер бұл мәселелерді бақылауға алуға тиіс екенін айтты. 

"Көлік ағынын басқару ісіне заманауи IT-технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу қажет. Бүгін отырыста айтылған цифрлық шешімдерді ел аумағына кеңінен таратуға болады", – деді Олжас Бектенов.

Айта кету керек, осыған дейін елімізде тағы 4 мың шақырым жол ақылы болатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу