Қазақстандықтардың әлем бойынша 1 млн криптоәмияны бар

274

Алдағы кезеңдегі негізгі міндет – бұл клиенттерді АХҚО-ға көшіру. 

Қазақстандықтардың әлем бойынша 1 млн криптоәмияны бар Фото: freepik

Бұл туралы АХҚО Авторизация және қаржылық технологиялар офисінің басқарушы директоры Еркеғали Еденбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сарапшыларға сәйкес, қазақстандықтар әлем бойынша 1 миллион криптоәмиянға ие. Бұл жасалатын операциялардың біразы шетелдік платформаларда екенін көрсетеді. Алдағы кезеңдегі негізгі міндеттердің бірі – осы клиенттерді АХҚО-ға көшіру. Қазіргі кезде бес халықаралық криптоплатформа АХҚО-да лицензиялаудан өтуде, оның екеуі әлемнің ең ірі он криптобиржасына кіреді. Осылайша, мақсат – цифрлық активтерді реттеумен шектелмей, қазақстандықтардың операцияларын қауіпсіз және реттелетін ортаға ауыстыру", – деді Еркеғали Еденбаев.

Спикердің сөзінше, АХҚО-да цифрлық активтер саласында қызмет көрсететін 35 провайдер бар.

"Олардың қатарында 11 цифрлық активтер биржасы бар, оның ішінде әлемдегі ең ірі криптобиржа Binance және төртінші криптобиржа Bybit. Сонымен қатар, 16 инвестициялық қызметтер провайдерлері, 8 төлем ұйымы, оның ішінде 3 стейблкоин эмитенті жұмыс істейді", – деп атап өтті АХҚО Авторизация және қаржылық технологиялар офисінің басқарушы директоры.

Айта кету керек, бұған дейін былтыр майнинг саласынан бюджетке 22,4 млрд теңге салық түскенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу