Қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызы 30 млрд теңгеден асты

1103

Ел бойынша 1 миллионнан астам адамның мемлекет алдында берешегі бар.

Қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызы 30 млрд теңгеден асты Фото: inbusiness.kz

Жалпы республика бойынша 1 миллионнан астам 30,7 млрд теңгеге жеткен. Қарыздың 26,8 млрд теңгесі борыштың негізгі сомасы. Қалған 3,8 млрд теңге өсімпұл ретінде есептелген, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, мемлекетке қарызы ең көп – алматылықтар. Мегаполис тұрғындарының көлік салығы бойынша берешегі 6,1 млрд Одан кейінгі орында Алматы облысы. Жетісу жұрты темір тұлпарларына 4,8 миллиард теңге көлемінде салық төлемеген. Нұр-Сұлтан қаласы қарыз мөлшері бойынша алғашқы үштікті тұйықтап тұр. Елордадағы автокөлік жүргізушілерінің мемлекетке 3 млрд теңгеге жуық борышы бар.

Баспасөз қызметі тартақан ақпаратқа сәйкес, борышкерлер саны бойынша антирейтингті 165 мыңнан астам адам салық міндеттемелерін орындамаған Алматы облысы бастап отыр. Екінші орында Алматы қаласы. Онда борышкерлер саны 107 мыңнан асады. Үштікке Түркістан облысы да кіреді. Мұнда 104 мың адам салығын төлемей жүр.

Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексіне сәйкес салық төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімі өткен әр күн үшін өсімппұл есептелетінін еске салуда. 
Салық төлеу үшін мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ. "е-Salyq Azamat" мобильді қосымшасын орнатып, салық бойынша қарыз көлемін біліп, онлайн төлеу жеткілікті. Сондай-ақ, қазақстандықтар екінші деңгейлі банктердің де қосымшаларын пайдалана алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу