Осылайша, америкалық рэпер әрі продюсер Канье Уэсттің Қазақстанда концерт өткізуі ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдын ала дерек бойынша, концерт 14 тамыз күні сағат 21:00-де Алматының орталық стадионында өтуі мүмкін.
Сонымен қатар, жарияланған ақпаратта концерт билеттері 20 шілдеден бастап сатылымға шығатыны хабарланған. Ал Ticketon.kz сайтында билет бағасы 120 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін болатыны көрсетіліп отыр.
2025 жылдың 10 тамызында Алматының Орталық стадионында әлемге танымал жұлдыз Дженнифер Лопес ән салған еді.
Одан соң Алматыға әлемдік поп-мәдениет аңыздарына айналған топ Backstreet Boys та келді.