Жыл соңына дейін тағы 14 ұшақтың келуі күтіліп отыр. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде – әуе маршруттарының кебеюі мен әуе флотының жаңаруы маңызды рөл атқарады. Қазақстанда ішкі әуе тасымалын 6 әуе компаниясы 56 бағыт бойынша жүзеге асырады. Өткен жылы маршруттар саны 10%-ға артты, бұл ел ішіндегі көлік қолжетімділігінің өсіп келе жатқанын көрсетеді. Әуе рейстерінің тұрақтылығы 75%-ды құрайды (ЕО – 74%, АҚШ – 77%), бұл әлемдік көрсеткіштерге сәйкес", – деді Талғат Ластаев.
Вице-министрдің айтуынша, әуе тасымалы сапасын арттыру және рейстердің кешігуін азайтудың негізгі факторларының бірі – әуе кемелері паркін жаңарту және ұлғайту.
"Қазақстандық әуе компаниялары жыл сайын 10-15 жаңа заманауи ұшақ сатып алуда. Қазіргі таңда елдің әуе паркі 104 ұшақтан тұрады. Биыл әуе паркі екі жаңа Airbus A320 NEO лайнерімен толықты. Жыл соңына дейін тағы 14 ұшақтың келуі күтілуде, бұл тасымалдау сыйымдылығын 15%-ға арттыруға мүмкіндік береді", – деді Көлік вице-министрі.
Айта кету керек, осыған дейін отандық әуе компаниялар 15 млн-ға жуық жолаушы тасымалдағанын жазғанбыз.