Қазақстанға ең көп гүл экспорттайтын ел анықталды

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы хабарлады.

Қазақстанға ең көп гүл экспорттайтын ел анықталды Фото: canva.com

Былтыр еліміз 77,6 млн АҚШ доллары көлемінде 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігін импорттаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ал 2024 жылы импорт көлемі бұдан 1,4 мың тоннаға артық болған. Гүлдердің негізгі жеткізушісі – Эквадор. Жалпы импортталған гүл көлемінің 41,9% немесе 4 586 тоннасы осы елден жеткізілгені белгілі болды. 

Сондай-ақ ірі көлемде гүлдер келесі елдерден әкелінеді: 

– Қытай – 2 678 тонна;
– Нидерланд – 1 702 тонна; 
– Колумбия – 778 тонна;
– Кения – 739 тонна. 

Жалпы, өткен жылы гүлдер әлемнің 45 елінен жеткізілген. Қазақстанға негізінен 6 219 тонна раушан гүлдері импортталған. 

Бір жыл бұрын inbusiness.kz тілшісі "Қазақстанда болашақта мұнаймен бірдей пайда әкелетін өнім бар" деген тақырыпта сараптамалық мақала жариялаған еді. Мақалада еліміздің "жасыл алтынға" көп көңіл бөлсе, "қызғалдақтар елі" саналатын Голландияның гүл саудасын тоқтататындай мүмкіндікке ие екені жазылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу