Қазақстанға ешқандай санкция салынған жоқ - СІМ

824

Кейінгі кездері Батыс басылымдары Ресейге сатуға санкция салынған гаджет, микрочип сияқты тауарлардың Қазақстан арқылы тасымалданып жатқанын айтып, дабыл қағып жатыр.  

Қазақстанға ешқандай санкция салынған жоқ - СІМ Фото: gov.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанға Еуропа елдерінен де, АҚШ-тан да санкция туралы ресми хабарлама түспегенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Сауда министрлігі жүргізетін Қазақстан мен АҚШ арасында арнайы комиссия бар. Егер кез-келген қазақстандық компания Ресейдің бір компаниясымен келіссөз өткізіп немесе келісімшартқа қол қоюды жоспарлап жатса, сол комиссия алдын ала ақпарат береді. "Бұл келісімшартқа қол қоюдың қажеті жоқ, өйткені санкцияға ұшырайсыздар", - деп алдын ала мәлімет береді. Сондықтан, қазіргі таңда Қазақстанның бір де бір компаниясы санкцияға ұшыраған жоқ. Өйткені біз бұл мәселе бойынша тиянақты жұмыс жүргізіп келе жатырмыз", - деді ол.

Сонымен қатар, Айбек Смадияров қазіргі таңда не Еуропадан, не АҚШ-тан ресми түрде қандай да бір ондай хабарлама түспегенін ресми мәлімдеді.

Бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко да Батыс елдерінен ешқандай ескерту түспегенін растады.

"…Қазақстан үкіметінде дәл осы мәселемен [санкциялармен] айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылды. Тағы бір ерекше атап өтетін мәселе – АҚШ, Батыс елдері мен Ұлыбританиядан Қазақстанға ресми наразылық түскен жоқ", - деді Роман Василенко. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу