Қазақстанға Каспий теңізі арқылы қашан интернет тартылатыны белгілі болды

742

Цифрлық даму, инновациялар  жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин Каспий теңізінің түбіне салынатын талшықты-оптикалық желінің құрылысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстанға Каспий теңізі арқылы қашан интернет тартылатыны белгілі болды

Оның айтуынша, Каспий түбіне салынатын талшықты-оптикалық желі (Trans Caspian Fiber Optic) құрылысына Қазақстан мен Әзербайжан жауапты.

"Биыл бұл жоба жанданып, іске асырылады деп ойлаймын. Қазір біз Әзербайжан тарапымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Аталған жоба 2018 жылы қарастырылған. Бірақ осы уақытқа дейін жүзеге аспады. Неге? Өйткені Қазақстан тарапынан жобаға "Транстелеком" АҚ жауап берді, әрі бұл жоба монополиялық еді", – деді министр мәжілістің жалпы отырысында.

Бағдат Мусин бүгінде жобаны жүзеге асыратын компанияны ауыстыру жұмысы жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Әзербайжаннан "Әзерсел" компаниясы, Қазақстаннан "Транстелеком" АҚ мемлекетаралық келісімді ратификациялады. Бүгінде "Әзерсел" мен "Транстелеком" компаниялары жобаны іске асырған жоқ. Сондықтан біз елшіліктермен, үкіметаралық консультациялар жүргізіп, "Транстелекомды" "Қазақтелеком" АҚ-ға ауыстыру жұмысын жүргізудеміз", – деді ведомство басшысы.

Министр Trans Caspian Fiber Optic жобасының қашан аяқталаныны айтты.

"Мемлекетаралық келісімшартқа өзгерістер енгізбей-ақ, нота арқылы Қазақстан тарапынан компанияны жаңадан айқындап, сол жобаға ензігуді биыл қарастырып, тез арада оны жүзеге асырамыз. Бұл тек экономикалық емес, стратегиялық жоба. Сондықтан Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Біз осы жобаны 1,5-2 жылда іске асырамыз деген үміттеміз", – деп сөзін түйіндеді Бағдат Мусин.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу