Қазақстанға Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев келді

720

Бүгін Медведев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің  төрағасы Кәрім Мәсімовпен кездеседі деп жоспарлануда.

Қазақстанға Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев келді

Қазақстанға Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев келді, деп хабарлайды Atameken Business.

Ол екіжақты қарым-қатынастар, соның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін ел басшылығымен кездесулер өткізеді. Бұл туралы Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы хабарлады.

Атап айтқанда, бүгін Медведев Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің  төрағасы Кәрім Мәсімовпен кездеседі деп жоспарлануда. Бұл Дмитрий Медведевтің жаңа лауазымдағы алғашқы шетелдік сапары. 15 қаңтарда Ресейдің экс-премьер-Министрі өзі басшылық еткен Үкіметпен бірге отставкаға кеткен болатын. Кейін, Владимир Путин Ресейде Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін енгізіп, оған Медведевті тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу