Қазақстанмен шекаралас қос облыста бензинге шектеу қойылды

Бұған дейін Қырымда халық көп тұтынатын заттың тапшылығы туындағанын жазған едік.  

Қазақстанмен шекаралас қос облыста бензинге шектеу қойылды Фото: kursiv.media

Енді Ресейдің энергетика нысандарына Украина жасалған шабуылдардан соң елде бензин тапшылығы үдей түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мысалыға айтсақ, Ресейдің Омбы облысында бензин мен дизель отынын сатуға шектеу енгізілген. Мұндай жағымсыз жаңалықты өңірдің губернаторы Виталий Хоценко хабарлап отыр. Оның сөзінше, өңірдегі жанармай бекеттерінде бір көлік 40 литр бензин және 80 литр дизель отынын ғана сатып ала алады. Ал күре жолдардағы бекеттерде 40 литр бензин мен 200 литр дизель ғана саудаланады. 

Сол секілді, Саратов облысы да осындай шектеу енгізуге мәжбүр. РБК деректерінде, бір көлікке 30 литр ғана бензин сатылатыны айтылған. Шектеу 23 маусымда басталып, ай соңына дейін жалғаспақ. Саратов губернаторы Роман Бусаргин мұны "мәжбүрлі шара" деп түсіндірген. 

Жаза кеткен жөн, Омбы – Қазақстанның Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шекаралас жатқан облыс. Ал Саратов БҚО-мен шектеседі. 

Бүгінде көрші елдің басқа да аймақтарында да жанармайға жаппай шектеу енгізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу