Қазақстанның алтын резерві 55 млрд доллардан асты

173

Бұл туралы Ұлттық банк статистикасында көрсетілген.      

Қазақстанның алтын резерві 55 млрд доллардан асты Фото: inform.kz

Қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстанның таза халықаралық резервтері 69,5 млрд долларды құрап, бір айда 10,12% өскен, деп жазады inbusiness.kz сайты naryk.kz порталына сілтеме жасап.

Жалпы халықаралық резервтер (Ұлттық банктің міндеттемелерін қоса есептегенде) 9,43% өсіп, 71,5 млрд долларға жетті.

Оның ішінде:

  1. Еркін айырбасталатын валютадағы активтер қаңтарда 10,61% азайып, 16,2 млрд доллар болды;
  2. Монетарлық алтын керісінше 17,4% өсіп, 55,3 млрд долларға жетті. Бұған қаңтарда алтынның нарықтық бағасының 9,3% өсуі әсер етті.

Бір жыл ішінде – 2025 жылғы қаңтардан бері:

  • Валюталық активтер 5,1 млрд долларға (-24%) қысқарды;
  • Алтын қоры 29,4 млрд долларға (+114%) артты.
  • Ұлттық қордың халықаралық активтері бір айда 1,22% өсіп, 64,6 млрд долларға жетті, ал бір жылда өсім 11% болды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу