Қазақстанның алтын валюта қоры ақпан айында 1,2%-ға өсті

1442

Қазақстанның алтын валюта қоры ақпан айында 1,2%-ға өсті

Ұлттық банк жалпы қорын және Ұлттық қордың қаражатын қоса алғанда Қазақстанның алтын валюталық қоры (АВҚ) 2017 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша 93 млрд доллар болды деп мәлімдеді Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев деп жазады "Интерфакс-Қазақстан".

Бұрын хабарланғандай, қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстанның АВҚ 91,946  млрд доллар болған.

Осылайша, алтын валюталық қор ақпан айында 1,2%-ға өсті.

"Біз өзіміз валюта нарығында интервенция жасамаймыз, АВҚ алтынмен жасалған операциялар  немесе негізгі әлемдік валюталардың баға белгілеуінің өзгеруі есебінен болып отыр. Алдын ала жасалған мәлімет  бойынша, ақпан айының соңында Ұлттық банктің қорлары 29,9 млрд долларды құрап, бір ай ішінде 1,1%-ға өскен. Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда еліміздің жалпы қоры 93 млрд долларға жеткен. Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері алдын ала  63,1 млрд доллар деп  бағаланып отыр",– деді Данияр Ақышев сәрсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу