Қазақстанның барлық мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмыстары жүргізіледі

681

Бұл туралы Балалардың құқығын қорғау комитеті мәлім етті. 

Қазақстанның барлық мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмыстары жүргізіледі Фото: el.kz

Петропавлда қаруланған оқушының шабуылы салдарынан балалардың жарақат алу фактісі бойынша комиссия құрылды. Елдің барлық мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмыстары жүргізілмек, деп жазады inbusiness.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша Петропавлдағы мектепте  болған оқиғаға қатысты комиссия құрылды.

"Оның құрамына балалардың құқықтарын қорғау комитеті, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері кірді. Айта кетейік, мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылған бейнебақылау камералары мен дабыл түймесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы тапсырылды", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, осыған дейін Петропавлда мектепке қару алып келген оқушы балаларды жарақаттағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу