Қазақстанның бірқатар темір жол стансасының атауы өзгерді

1205

Қазақстанның бірқатар темір жол стансасының атауы өзгерді

Қазақстанның бірқатар темір жол стансасының атауы қазақшаланды. Бұл туралы "Айқын" газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Үкімет жанындағы ономастика комиссиясының кезекті отырысында Қазақстандағы бірқатар теміржол стансаларының атауы ұлттық сипатына оралды: Алма-Ата-1, Алма-Ата-2-нің орнына Алматы-1, Алматы-2 деп, Кустанай – Қостанай, Осакаровка – Сарыбел, Карьерная – Ортас, Семипалатинск – Семей, Талды-Курган – Талдықорған, Чимкент – Шымкент, Сары-агач – Сарыағаш, Джетісай – Жетісай, Джамбул – Тараз, Саксаульская - Сексеуіл, Казалинск – Қазалы, Джусалы – Жосалы, Тюратам – Төретам, Хор-хут – Қорқыт, Джалагаш – Жалағаш, Кзыл-Орда – Қызылорда, Соло-тобе – Сұлутөбе, Чиили – Шиелі, Тюмень-арык – Төменарық үлгісінде қайта жаңартылды. Жалпы стансалар бойынша 91 атау өзгертілді. Қалың ағайынға құтты болсын айтамыз!" – деп жазды Нұртөре Жүсіп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу