Қазақстанның бүкіл адвокаттары Бишімбаев ісіне бола кеңейтілген отырысқа жиналмақ

941

Бұл туралы республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев мәлім етті.

Қазақстанның бүкіл адвокаттары Бишімбаев ісіне бола кеңейтілген отырысқа жиналмақ Фото: Jogargy_sot

Қазақстанның адвокаттар алқасы аумақтық адвокаттар алқалары басшыларының қатысуымен арнайы кеңейтілген отырыс өкізбек. Жиында Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысып жатқан адвокаттарды жария талқылауды тоқтату мәселесі қозғалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев әріптестеріне "Бишімбаевтың ісіне қатысатын адвокаттарды жария талқыламайық" деген үндеу тастаған.

"Адвокаттарды Бишімбаев ісіне қатысатын әріптестерін жария талқылауды тоқтатуға шақырамын. Бұл әрекеттер кәсіби әдеп кодексін бұзуға әкелуі мүмкін. Әр нәрсенің шегі болуы керек. Әрбір адвокат адвокатураның беделін ойлауы тиіс. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы алдағы күндері осы іске байланысты барлық мәселелер бойынша аумақтық адвокаттар алқалары басшыларының қатысуымен арнайы кеңейтілген отырыс өткізеді", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен істі болып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевты адвокат Лейла Рамазанова, Назкен Құсайынова, Ерлан Ғазымжановтар қорғап жатыр. 

Ал зардап шеккен тарапты, яғни, Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мен оның отбасын адвокат Жанна Оразбахова, Игорь Вранчев, Алия Омаровалар қорғап жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу