"Қазақстанның даму банкі" АҚ-ға жаңа басшы тағайындалды

1085

Болат Жәмішевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған еді.

"Қазақстанның даму банкі" АҚ-ға жаңа басшы тағайындалды

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның жалғыз акционері – "Бәйтерек" ҰҚ" АҚ шешімімен Сарқұлов Абай Серікұлы ҚДБ басқармасының төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметі хабарлады.

Абай Сарқұлов Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін "Банк ісі" мамандығы бойынша бітірген.

Абай Серікұлы банк саласындағы кәсіби қызметін 2003 жылы валюталық операциялар менеджері болып бастаған, 2006 жылдан бастап 2007 жылға дейін "Алматы Халықаралық Банкі" АҚ филиалында директор орынбасарының міндетін атқарушы қызметінде болды.

2007 жылы "ҚДБ" АҚ Жобаларға кредит беру басқармасының менеджері лауазымына тағайындалған. Кейінгі жылдары бас менеджер, басқарма бастығы, Жобалық дирекция басшысының орынбасары, одан кейін "ҚДБ" АҚ Жобалық дирекциясының басшысы қызметтерін атқарды.

2015 жылғы 15 маусымнан бастап "ҚДБ" АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі;

2016 жылғы 15 сәуірден бастап "ҚДБ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары;

2017 жылғы ақпаннан бастап "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасы;

Еске сала кетсек, Жәмішев Болат Бидахметұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу