Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы 23 млрд долларға жетті – Тоқаев

567

Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы 23 млрд долларға жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында сөйлеген сөзінде айтты, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы 23 млрд долларға жетті – Тоқаев Фото: akorda.kz

"Біз желтоқсан айындағы кездесулерде дәстүрлі түрде бірлескен жұмысты қорытындылап, алдағы кезеңде атқаратын міндеттерді айқындаймыз. Биыл әлемдік экономика үшін өте ауыр жыл болды. Халықаралық қоғамдастық пандемия зардабынан айығып үлгермей жатып, жаңа геосаяси және экономикалық сын-қатерлермен бетпе-бет келді. Біз бүгінде әлемдегі сауда-саттықты айтарлықтай шектейтін түрлі тыйымдар, квоталар мен баж салықтары енгізіліп жатқанын көріп отырмыз. ЕАЭО аясындағы ынтымақтастығымыз жаһандық үрдістерден ерекшеленетіні келешекке сенім ұялатады", - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, еліміздің ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы қаңтар-қазан айларында 7 пайызға өсіп, 23 миллиард долларға жетті. Қасым-Жомарт Тоқаев "бірлескен ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатқанын" атап өтті.

Еске салайық, ЕАЭО-да климаттық технологиялар және цифрлық бастамалар банкін құру жоспарланғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу