Қазақстанның екі өңірінде жолдар жабылды

315

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 7 қаңтарда Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның екі өңірінде жолдар жабылды Фото: Толқын

7 қаңтарда сағат 14:00-дан бастап Ұлытау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Жезқазған – Петропавл автожолының 137-252-шақырым аралығында (Ұлытау ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ бүгін сағат 14:00-дан бастап Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Жезқазған – Петропавл автожолының 252-339-шақырым аралығында (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеледі.

Жолдарды 2025 жылғы 8 қаңтар сағат 07:00-де ашылады. 

Компания 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу