Энергетикалық қауіпсіздік, электрмен жабдықтаудың сенімділігі, қоршаған ортаға және халыққа әсерді төмендету мәселелерін, сондай-ақ қазіргі заманғы экономикадағы маңызды өзге де факторларды ескеретін еліміздің электр энергетика саласын дамытудың тиімді моделі қажет.
Дамыған мемлекеттерде жел мен күн электр станциялары өндіретін электр энергиясы бойынша болжамдардан ауытқу үшін қаржылық жауапкершілік қарастырылған. Бұл Қазақстанға қатысты айтылмаған.
Елде АЭС салу төңірегіндегі әңгімелер электрмен жабдықтаудың маңызды мәселелерінен қоғамды алшақтатты. 2021 жылы энергия жүйесін жоспарлаудағы проблемаларға байланысты дата-орталықтарға (484 млн кВт/сағ) электр энергиясын беру шектелді. Сонымен қатар ұлттық оператор желілерінде электр энергиясының апаттық ажырауы өскені байқалады. Электр энергиясын жеткізудегі шектеулер және жиі болатын апаттар экономикадағы жаңа секторлардың дамуына кері әсер етеді.
АЭС-тың 2033 жылға қарай әлеуетті құрылысы, оның 1000-1200 МВт жоспарланған бірінші энергия блогының айтарлықтай қуаты кезінде де елдегі энергия жүйесін реттеу мәселесін шешпейді. Себебі бұл станция тек тұрақты жүктемеде ғана жұмыс істейді. Жел және күн электр станциялары сияқты тұрақсыз энергия көздерін өндірудің артуы энергия жүйесін реттеуді одан әрі қиындатады.
Қазақстанда жел және күн электр станцияларының энергияны өндіру болжамдарының дұрыстығын қамтамасыз ету тиісті шаралар әлі де жоқ. Мысалы, Ұлыбританияда жел және күн электр станцияларын пайдаланатын компанияларға электр энергиясын өндіру болжамдарындағы ауытқулар үшін қаржылық жауапкершілік қарастырылған. Қазақстанда іс жүзінде мұндай жауапкершілік жоқ. Сол себепті де бұл энергия жүйесіндегі теңгерімсіздікті одан әрі күшейтеді.
Ақпаратта көрсетілгендей, маневрлік қуат көздері мәселесі Қазақстанның Энергетика министрлігіне белгілі. Осы жылдың шілдесінде жалпы қуаты 1116 МВт болатын екі жаңа маневрлік газ электр станциясының құрылысына инвесторларды анықтау бойынша алғашқы аукциондар өтті. Техникалық шектеулерді ескере отырып, қолжетімді қуат шамамен 700 МВт құрайды. Бірақ та, бұл электр станциялары 2026 жылдан ерте іске қосылмайды. Бұл уақытқа дейін тұрақсыз генерацияның қуаты тағы 2000 МВт-қа артуы мүмкін. Мұндай аукциондарды энергия жүйесімен байланысты бірқатар мәселелерді болдырмау үшін 5-6 жыл бұрын өткізілуі керек екені анық. Энергия жүйесіндегі бұзушылықтар өнеркәсіп пен халықты электрмен жабдықтауда бірқатар мәселені туындатуы мүмкін.
Электр жүйесін жоспарлаудың жетіспеушілігі және тұрақсыз генерацияда өндірісті болжаудың тиімді тетіктерінің болмауы Ресейдің энергия көздері есебінен өтеліп жатыр. Бірақ та, электр жүйелерін қосатын электр желілерінде шектеулер бар, ал жүйелік қосылыстардың апаттары елдегі электр жүйесін қиын жағдайға ұшыратады.