Қазақстан құрамасының мүшелері Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов жұбы 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды. Оларға жеңіс сыйлаған уақыт 1:49.01.
Ескекшілеріміз Жапония құрамасы (1:49,237) мен Иран дуэтінен (1:50,486) алда болды.
"Тимур мен Сергейді жеңістерімен құттықтаймыз! Жекпе-жек тартысты өтті, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерінен озып шықты. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамыз. Біз сіздермен мақтанамыз!" – деп атап өтті ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу