"Қазақстанның халық жазушысы" атағы қайта берілетін болады

863

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Ашық НҚА" порталында ашық талқылауға ұсынған Үкімет қаулысында айтылған.  

"Қазақстанның халық жазушысы" атағы қайта берілетін болады Фото: Informburo.kz

Елімізде "Қазақстанның халық жазушысы" атағы қайтарылады, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатқа сәйкес, ҚР мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулық "Қазақстанның халық жазушысы" – Қазақстан Республикасының әдебиетін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" және (немесе) әдебиет саласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған тұлғаларға беріледі" тармағымен толықтырылмақ.

Үкімет қаулысына қоса берілген түсіндірме жазбада "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағы төбелгісінің сипаттамасы жазылған.

Төсбелгі диаметрі 30 мм дұрыс шеңбер нысанындағы жезден дайындалып, оның беткі жағында кітап пен қауырсын бейнеленетін болады. Ал жоғарғы бөлігінде төсбелгі шеңбері бойымен "Қазақстанның халық жазушысы"  деген жазу орналасады.

Құжатты жария талқылау 20 қазанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу