Қазақстанның көптеген аймағында сайлау учаскелері жабылды

848

Қазақстанның көптеген аймақтағында Парламент Мәжілісі (төменгі палата) мен барлық деңгейдегі мәслихаттар (жергілікті өкілетті органдар) депутаттарының жалпы сайлауы аяқталды. 

Қазақстанның көптеген аймағында сайлау учаскелері жабылды Фото: inbusiness.kz

Астана уақытымен сағат 20:00-де республиканың 12 облысы мен үш қалада – Қазақстанның астанасында, Алматы мен Шымкентте сайлау учаскелері жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 облыстың учаскелері (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) бір сағаттан кейін, сонымен қатар жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де дауыс беруді аяқтайды.

Бұған дейін еліміздің өңірлеріндегі сайлау учаскелерінің көпшілігі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де дауыс беру үшін ашылғаны хабарланған болатын. Кейбір сайлау учаскелерінде дауыс берудің басталу уақыты басқаша – сағат 06:00-ден бастап белгіленді.

Сағат 18:00-де сайлаушылардың 53,11 пайызы дауыс берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу