Бакуде Қазақстан әскери делегациясының ресми сапары аясында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов әзербайжандық әріптесі генерал-полковник Зәкір Гасановпен кездесті.
Ведомстволардың басшылары екі мемлекеттің қорғаныс саласындағы өзара қарым-қатынас қорытындыларын талқылады. Тараптар жауынгерлік даярлық, әскери білім беру, медицина және өзара мүдделі басқа да салалардағы ынтымақтастық әлеуетін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша делегация басшылары 2024 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарын бекітті. Сапардың екінші күні қазақстандық әскери делегация "Хазри-2023" әскери-теңіз оқу-жаттығуының екіжақты практикалық іс-қимылын бақылауға қатысады.