Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Халықаралық армия ойындарының ашылуына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты рәсім Мәскеу облысының "Алабино" полигонында өтті. Биыл әскери-спорттық жарыстарға 70-тен астам мемлекет қатысуда.
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов "Танк биатлоны" конкурсында сайысқа түсетін қазақстандық команданың басшысымен, жаттықтырушылар құрамымен және экипаж мүшелерімен кездесті. Ол әскери қызметшілерге жауынгерлік көңіл-күй, сенімділік пен сәттілік тіледі. Қазақстандық танкистер бірінші дивизионның екінші айналымындағы жеке жарыста жасыл түсті танкте өнер көрсетеді.
Жұмыс сапары аясында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Х Мәскеу конференциясының жұмысына қатысты.