Қазақстанның сауда көлеміне қатысты қызықты болжам жасалды

Соңғы 5 жылда елдегі электронды сауда көлемі жеті есеге ұлғайған.     

Қазақстанның сауда көлеміне қатысты қызықты болжам жасалды Фото: google.com

Мұндай статистикалық деректерді Сауда және интеграция министрлігі жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Қазақстан e-commerce секторында айтарлықтай өсім көрсетіп отыр. Яғни, 5 жылда электронды сауда көлемінің айтарлықтай артуынан 3,2 трлн теңгеге жеткен, бұл бөлшек сауданың барлық көлемінің 14,1%-ын құрайды. 

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің электрондық және биржалық сауда департаментінің директоры Ғалия-Бану Мейрбаеваның сөзінше, 5 жылдан соң елдегі әрбір бесінші сатып алу онлайн жүзеге асуы мүмкін. 

– Саланың әрі қарай өсу әлеуеті зор. Бізде жоғары цифрлық қолжетімділік, дамыған финтех-инфрақұрылым және 8 миллионнан астам белсенді пайдаланушы, яғни жас бар. Біз 5 жылдан кейін әрбір бесінші сатып алу онлайн режимінде жүзеге асырылады деп жоспарлап отырмыз. Ол үшін биылғы жылдың наурыз айында электронды сауданы дамыту жоспары бекітілді. Басымдықтардың қатарында заңнаманы жетілдіру, халық үшін білім беру бастамаларын іске қосу, кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдау шараларын енгізу және заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамыту бар, – дейді ол. 

Пәкістан Ислам Республикасында өтіп жатқан "Электронды коммерция арқылы логистика мен бизнеске қол жеткізу" халықаралық саммиті аясында Қазақстан тәжірибе алмасу және бірлескен шешімдер әзірлеуде орнықты, инклюзивті және өзара байланысты өңірлік сауда архитектурасын қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдірген. 

ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Пәкістан ИР Коммерция министрлігі арасындағы электрондық сауда саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы 2025 жылғы сәуірде қол қойылған меморандум ерекше аталды, бұл екіжақты стратегиялық әріптестікті нығайтуға жасалған маңызды қадам саналды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу