"Атамекен" ҰКП: Қазақстанның сегіз жүк көлігі Украина шекарасын кесіп өтті

1449

Украина аумағында 35 жүргізуші қалды.

"Атамекен" ҰКП: Қазақстанның сегіз жүк көлігі Украина шекарасын кесіп өтті

Алматы қалалық "Атамекен" Кәсіпкерлер палатасының басшысы Айтуар Қошмамбетов Украинадан шыға алмай қалған 55 жүк көлігі туралы ақпарат берді, деп жазды inbusiness.kz.

Қазіргі кезде олардың кейбірі жүктерімен шекарадан өтіп үлгерген.

"Қазір біздің кәсіпкерлер мен жүк тасымалдаушылар Украинада. "Атамекен" сенім телефонын іске қосып, біздің азаматтар мен кәсіпкерлерге, сондай-ақ жүк тасымалдаушыларға Украина аумағынан кетуге жедел көмек көрсетті. Біз 55 адаммен байланыстамыз. Оның ішінде 8 жүк көлігі Польша немесе Ресей Федерациясының аумағына жетті", – дейді Айтуар Қошмамбетов.

Сонымен қатар ол Ресей мен Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты "Атамекен" жеке салаларды да, зардап шеккен кәсіпкерлерді де қолдау шараларын әзірлейтінін атап өтті.  

Спикер бұған бір-екі апта қажет екенін айтты.

“Ресей Федерациясы мен Украинадағы жағдайға байланысты "Атамекен" Украина аумағында келісімшарттары бар кәсіпкерлерге форс-мажорлық сертификаттар бере бастады, мысалы, жеткізілімдер, сондай-ақ санкциялар мен рейстердің тоқтауына байланысты. Яғни келісімшарттары орындалмаған бізге кәсіпкерлер жүгіне алады. Біз егжей-тегжейлі тексеріп, мұның форс-мажорлық жағдайға қатысты ма, жоқ па анықтаймыз", – деп қосты Айтуар Қошмамбетов.

Палатаның хабарлауынша қазіргі кезде жүргізушілер Днепрден Польша Республикасына қарай бет алған.

"Сондай-ақ 3 наурызда "Нихотевка" өткізу бекетінде 2 жүргізуші Ресей шекарасын кесіп өтті", – деп қосты ҰКП-да. 

Ұлттық палатаның мәліметінше, қазірдің өзінде 21 көлік Украина аумағынан шығып үлгерген: 10 жүргізуші Ресейге, 8 көлік Молдоваға кеткен, оның 4-уі түрік азаматы, тағы 3 жүргізуші Польшаға жеткен.

2022 жылғы 3 наурыздағы жағдай бойынша Украина аумағында жүк көлігінің 35 жүргізушісі қалды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу