Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Әлібек Бақаев Федералдық Президент Ули Маурерге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Салтанатты кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы достық қатынастар дамуының жоғары деңгейін атап өтіп, алдағы уақытта жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады. Сондай-ақ келешектегі екіжақты жоғарғы деңгейдегі іс-сапарлары назарға алынды
Айта кетейік, қазанның 28 күні Берн қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу