Қазақстанның төрт семсершісі Париж жолдамасына таласады

302

Грузияның Тбилиси қаласында шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңі өтеді.  

Қазақстанның төрт семсершісі Париж жолдамасына таласады Фото: olympic.kz

Ұлттық олимпиадалық комитет мәлім еткендей, аталған кезеңде 60-тан астам елден жиналған спортшылар рейтингтік ұпай мен Олимпиада жолдамасы үшін тартысады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан сапынан қатысатын 12 спортшының ішінен төрт спортшы жолдамаға таласады. Олар: Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов төрттігі.

Наурыздың 22-23 күндері шпагадан жекелей сын бойынша жеңімпаздар анықталса, 24 наурызда командалық жарыстан Олимпиада жолдамасының тағдыры шешіледі.

Аталған әлем кубогы кезеңінде отандастарымыз лицензияға қол жеткізетін болса, Қазақстанға Париж Олимпиадасының төрт жолдамасы беріледі. Оның үшеуі жекелей сынға, біреуі тұтас командаға табысталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу