"Қазақстанның үздік тауары": Жеңімпаз кәсіпорындар марапатталды

568

Республикалық көрме-байқау жыл сайын өткізіліп келеді.  

"Қазақстанның үздік тауары": Жеңімпаз кәсіпорындар марапатталды Фото: atameken.kz

Астанада "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп жазады inbusiness.kz "Атамекен" ҚР ҰҚП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың қорытындысы бойынша "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" аталымы бойынша "KazTigerTape" ЖШС жеңімпаз деп танылды. Бұл кәсіпорын скотч, жапсырма ленталарды өндірумен айналысады. Жеңіске жеткен кәсіпорындар арасында телекоммуникация және электр энергетикасы желілеріне кабель өндіретін "Kazcentrelectroprovod" ЖШС, жол салу, кәріз желісін салуға арналған темірбетон бұйымдарын шығаратын "Сапа Су" ЖШС да бар.

"Халыққа арналған үздік тауарлар" номинациясы бойынша үздіктер – "Семирамида" тігін фабрикасының әйелдерге арналған күз-қыс сырт киім топтамасы, "Адили текстиль" ЖШС матадан тігілген дастархандары, "Эдем" брендімен "Хабибулла-ата" жеке кәсіпкерлігі шығаратын жиһаз.

"Үздік азық-түлік тауарлары" аталымында "Зенченко және компания" коммандиттік серіктестігі, сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығаратын "AYKAN" ЖШС, тауық етін өндірумен айналысатын "ECO-Chicken" ӘКК жеңіске жетті.

Айта кету керек, осыған дейін "Іскер" сыйлығының жеңімпаздары марапатталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу