Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі ұйым айқындалды

476

Аталмыш қызметті "Охотзоопром" мекемесі жүзеге асыратын болады. 

Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі ұйым айқындалды Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің биылғы 22 қыркүйектегі "Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мамандандырылған ұйымды айқындау туралы" бұйрығында айтылған, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатқа сәйкес, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мамандандырылған ұйым ретінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" Өндірістік бірлестігі" РМҚК айқындалды.

Тиісті бұйрық қол қойылған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, шілдеден бастап тазы мен төбетті сақтау мен көбейтуге мүмкіндік беретін заң күшіне енгенін жазған болатынбыз. Құжатта қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы құрылатыны көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу