"Өйткені өңірдің мұнай компанияларының жағдайы қиын. 170 мың халқы бар облыстың зардап шеккен екі ауданы Арал мен Қазалыда ғана мал басы 500 мыңнан асады, бұл ауыл тұрғындары мал өсіру есебінен өмір сүретінін білдіреді, басқа кірістері жоқ. Ал ауыл шаруашылық министрлігі бұнымен басын ауыртпайды, мал басын сақтап қалу керек емес пе?" - дейді депутат Ғалым Әміреев.
Оның айтуынша, тасымалдауға дайын шөп көлемін ескере отырып, Арал мен Қазалы аудандарының тұрғындары кем дегенде
10-15 вагон шөпті тегін алуы керек.
"Аудан әкімдері бұрын дайындаған жемшөптері аяқталып, малға қосымша шөп сатып алу қажеттілігі туындап отырғанын растап отыр. Егер үкіметі пен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы мұндай мәселелерді шешпесе, онда біздің "халық үніне құлақ асатын мемлекет" пен бизнестің әлеуметтік міндеттемелері қайда?" - дейді депутат.