Павлодар қаласындағы жеке кәсіпорындардың біріндегі қазандық ғимаратында жарылыс болып, екі адам зардап шеккен еді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Сол мекемеде қызмет ететін 1979 жылғы оператор ер адамтермоингаляциялық күйік алған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тұрғынның басы, беті мен денесінің жоғары және төменгі бөлігін 40-45%-ын күйік шалған. Сондай-ақ, жанған өнімдермен уланған. Дәрігерлер науқастың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Ал жарылыстан зардап шеккен автогаз тасымалдайтын көліктің жүргізушісі түрлі дене жарақатын алғанымен, ауруханаға барудан бас тартқан болатын.
Еске сала кетсек, алдын ала болжам бойынша газ қоспасының дұрыс пайдаланылмауы салдарынан қазандық ғимараты жартылай қирап, шатыры құлады.